Экономика

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндіктері кеңеюі мүмкін

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Бұл туралы индустрия және құрылыс министрлігі әзірлеген жаңа бұйрық жобасында көрсетілген, деп хабарлайды Newmedia.kz.

Аталған құжат 21 қарашаға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Жобаға сәйкес, БЖЗҚ жинақтарын төмендегі мақсаттарға пайдалану көзделіп отыр:

  • тұрғын үй несиесінің негізгі қарызын өтеу;

  • ай сайынғы төлем сомасын азайту;

  • несиенің мерзімін қысқарту.

Сонымен қатар, Салық кодексіне енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес, енді зейнеткерлер мен салымшылар БЖЗҚ-дан алатын зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын төлемейді. Яғни, қордан алынған қаражатқа мемлекет тарапынан салық салынбайды.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл өзгерістердің басты мақсаты - біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану рәсімін барынша тиімді және ыңғайлы ету. 

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру