Спорт

Қазақстандықтар конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде 11 медаль алды

Echo

Фото авторы: ҰОК




Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Бұл ауқымды жарыста Қазақстан құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жалпы есебінде 11 медаль иемденді.

Кристина Шумекова 1 000, 1 500 және 3 000 метрлік үш қашықтықта да қарсыластарының барлығын артта қалдырып, үш мәрте чемпион атанды. Нео-сеньорлар категориясында Алина Дауранова 500 метрлік дистанцияда Қазақстан командасына алтын жүлде алып берді.

Сол санатта 1 000 метрлік жарыста Дарья Важенина мен Дмитрий Осипенко күміс медаль жеңіп алса, Алина Дауранова мен Андрей Семёнов қола медальға қол жеткізді.

Инесса Шумекова 500 метрде екінші орын иеленді. Ал Дмитрий Осипенко 1 500 метрлік жарыста үздік үштікке кірді.

Масс-старт сайысында Абылайхан Қайырғазы мәреге екінші болып келді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру