Фото авторы: видеодан скриншот
Ұлттық құраманың спортшысы Мақсат Әбдікерімов жарыстың барлық нысана түрлерінде қарсыластарынан озып, алтын медальға лайық деп танылды. Оның дәлдігі мен жылдамдығы шетелдік спортшылар арасында ерекше жоғары бағаланды.
Сонымен қатар, 200 метр қашықтықта өнер көрсеткен Дилмұрад Турдиматов та қарсыластарынан озып, алтын жүлдені жеңіп алды.
Жекелеген қашықтықтардағы жарыстарда да қазақстандық спортшылар өздерін жақсы көрсетті. Мысалы, 70 метрлік пута нысанасында Мақсат Әбдікерімов күміс медальға ие болса, Забит Сатоев осы қашықтықта 5-орынға тұрақтады.
Пікір жоқ