Саясат

Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады - Тоқаев

Echo

Фото авторы: Ақорданың баспасөз қызметі




Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Newmedia.kz 

Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады. Бұл туралы Ұлттық құрылтай отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

"Сөз Қазақстан Республикасының вице-президенті институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы болып отыр. Вице-президентті Парламенттің келісімімен қарапайым көпшілік дауыспен Президент тағайындайды. Оның өкілеттігін Мемлекет басшысының өзі айқындайды", - деді Тоқаев.

Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша:

  • халықаралық форумдарда және шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін көрсетеді;
  • Парламентте Президенттің мүддесін танытады;
  • отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағарту ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
  • Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайды.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары 2022 жылы Ұлытауда, 2023 жылы Түркістанда, 2024 жылы Атырауда, 2025 жылы Бурабайда өтті.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру