Фото авторы: ғаламтордан
Ерекше атап өтерлігі — Қытайдан келген шетелдік туристерден түскен табыс көлемі 50%-ға ұлғайып, 192 миллион долларды құраған.
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы басқармасының міндетін уақытша атқарып жүрген Даниел Сержанұлының мәліметінше, 2024 жылы туристік қызмет экспорты жалпы 2,6 миллиард долларды құраған.
«Туризм ел экономикасына валюта әкеледі. Қытайдан келген қонақ юань, Германиядан келген турист еуро жұмсайды. Бұл - біздің туристік қызметтеріміздің тікелей экспорты. Туризмнің жалпы ұлттық өнімдегі үлесі көп емес. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш ЖІӨ 10% дейін жетуі мүмкін, ал ақшалай түрде 20-30 млрд АҚШ доллар болады. Сондықтан кіру туризмін дамытудың негізгі мақсаты - шетелден пайда әкелу және оны халыққа, жергілікті бизнеске тигізу», – деп атап өтті Kazakh Tourism басшысы.
Сонымен қатар, ол ішкі және кіру туризмі арасындағы айырмашылыққа да тоқталды. Ішкі туризм әлеуметтік маңызы бар бағыт ретінде бағаланады.
«Ішкі туризм әлеуметтік бағыт ретінде қарастырылады. Неге? Себебі адамдарға демалу мен рекреация қажет. Бұл жұмыстағы еңбек демалысы кезінде күш-қуатты қалпына келтіру мүмкіндігі. Сондықтан тұрғындар Алакөлге, Балқашқа барып демалады», – деп қосты Даниел Сержанұлы.
Пікір жоқ