Қоғам

Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы күресте ЖИ жобасы қолданылмақ

Echo

Фото авторы: Istock




Шымкент қаласының прокуратурасы мен отандық IT-мамандардың бірлескен еңбегі нәтижесінде Crypto Trace және ProkAi деп аталатын инновациялық жүйелер әзірленген. Асыловтың айтуынша, бұл жобалар қайтарымсыз негізде дайындалып, Шымкент прокуратурасының қарамағына берілген.

«Crypto Trace – бұл жаңа буынның іздеу жүйесі, ол желідегі транзакцияларды талдауға және есірткі бизнесінің қаржысын анықтауға көмектеседі. ProkAi – интернеттегі есірткі саудасын анықтай алатын интеллектуалды платформа», – деп жазды Асылов.

Жасанды интеллект тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді және  мамандар орындай алмайтын көлемде іздеу мен талдау операцияларын жылдам жүзеге асырады.

Прокуратураның мәліметінше, ProkAi жүйесі іске қосылған алғашқы үш айдың өзінде 2 мыңнан астам дроппер-шотты анықтаған. Бағдарлама SimBox құрылғылары арқылы есірткі дүкендерінің байланыс арналарына қосылып, заңсыз есепшоттардың ауқымын кеңінен ашып берген.

Асыловтың айтуынша, тергеу барысында 15 мыңнан астам дроппер шоты табылған, оның шамамен 2 мыңы – қазақстандық, 13 мыңы – шетелдік, ал 620-сы криптовалюта әмияндары. Қазірдің өзінде жүзден астам дроппер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, бұл технологияның көмегімен есірткі айналымынан табыс табушылардың нақты криптоәмияндары анықталған. Сол әмияндарда шамамен 5 миллион USDT көлемінде актив бар екені белгілі болды.

Жақын уақытта аталған жүйелер еліміздің барлық өңірлерінде енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру