Экономика

Қазақстанда бірнеше танымал шай брендіне тыйым салынды

Echo

Фото авторы: желі




Қазақстанда бірқатар танымал қара шай брендтерін ел аумағына әкелуге және сатуға уақытша тыйым салынды, - деп хабарлайды Newmedia.kz 

Тиісті шешім Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2026 жылғы 5 қаңтардағы №1-ПГСВ қаулысымен қабылданды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Тексеру нәтижесінде аталған шай өнімдерінің құрамынан шай өндірісінде қолдануға рұқсат етілмеген қауіпті тағамдық бояғыштар – E110, E102 және E124 анықталған. Сонымен қатар бірқатар өндірушілер өнім қаптамасында жалған мекенжай көрсетіп, қажетті рұқсат құжаттарынсыз қызмет атқарғаны белгілі болды.

Уақытша тыйым салынған өнімдер қатарына:

– «Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat» Gold, «БАЛҚИЯ Premium gold» («Orda Trade Astana»);

– «Sultan Suleyman», «Pakistan tea» («Real Trade Astana»);

– «Al-Jannat Premium» («Ferdaus»);

– «Aje Onim» («Орда Чай»);

– «Alfarah» (өндірушісі көрсетілмеген) брендтері енді.

Санитариялық қызмет мамандары бұл шара тұтынушылардың денсаулығын қорғау мақсатында қабылданғанын атап өтті.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру