Фото авторы: Әлеуметтік желі
Ыңғайлы әрі қауіпсіз цифрлық орта
қалыптастыру мақсатында барлық мемлекеттік мобильді сервис SuperApp қағидаты
бойынша eGov және Aitu экожүйелеріне кезең-кезеңімен біріктіріледі. Бұл туралы
Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Newmedia.kz.
Мәліметке сүйенсек, интеграция
мобильді қосымшалардың бытыраңқылық мәселесін жояды, үдерістерді жеделдетеді
және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырады.
Премьер-министр Олжас Бектенов
төрағалық ететін цифрлық штаб отырысында бірқатар маңызды мәселе қаралды.
«Цифрлық штаб шешімімен мемлекеттік органдарға Astana Hub IT-стартаптар технопаркі қызметінің басым түрлерінің тізіміне мультимедиа, ойындардың дизайнын жасау мен басып шығару, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, сүйемелдеу және түрлендіру, киберспорт саласындағы қызметтер сияқты танымал бағыттарды қосу тапсырылды», — деп жазылған хабарламада.
Пікір жоқ