Спорт

Қазақстан құрамасы Бельгиямен тең түсті

Echo

Фото авторы: Sports.kz




Матчтың алғашқы тоғызыншы минутында-ақ «Қайраттың» жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев есепті ашты. Бұл – оның ұлттық команда құрамындағы дебюттік голы еді. Алайда көп ұзамай Ханс Ванакен есепті теңестірді.

77-минутта Қазақстан құрамасы алаңда бір ойыншыдан айырылды. Ислам Чесноков Жереми Докуға жасаған қатал қимылы үшін тікелей қызыл қағаз алды. Алғашында төреші оған сары қағаз көрсеткенімен, VAR жазбасын қарап шыққан соң шешімін өзгертіп, футболшыны алаңнан шеттетіп жіберді.

Кездесу бойы қақпашы Темірлан Анарбеков ерекше ұшқыр реакциясымен көзге түсіп, бельгиялықтардың бірнеше қауіпті соққысын қайтарып үлгерді.

Соған қарамастан, бұл матчтың нәтижесі Қазақстанға 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік бемеді. 

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру