Фото авторы: Ақорда
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының киберқылмысқа қарсы күреске бағытталған конвенциясын ратификацияламақ. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасында айтылған.
Аталған халықаралық келісім — ақпараттық-коммуникациялық жүйелер арқылы жасалатын қылмыстарға қарсы күресте және елеулі қылмыстарға қатысты электрондық нысандағы дәлелдемелермен алмасуда мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты арттыруды көздейді.
- Конвенцияны ратификациялау — киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға, электронды дәлелдермен алмасуға, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай ұлттық заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді, — делінген құжатта.
Құжатта көрсетілгендей, халықаралық әріптестік азаматтардың құқықтары мен мүдделерін заманауи қылмыстардан қорғау шараларын күшейтіп, мұндай құқықбұзушылықтардың азаюына ықпал етеді.
Пікір жоқ