Фото авторы: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші – Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Кездесу барысында президентке жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері баяндалды.
Ерлан Қариннің айтуынша, e-Otinish платформасы мен eGov сервисінде ашылған "Парламенттік реформа" бөлімінің іске қосылғанына бір ай толмай жатып, азаматтар мен қоғам белсенділерінен 300-ге жуық ұсыныс келіп түскен. Сонымен қатар алты саяси партия – Amanat, "Ауыл", "Ақ жол", Respublica, Қазақстан Халық партиясы және ЖСДП өз ұсыныстарын жолдаған. Олар бір палаталы парламенттің жұмыс тетіктері мен парламенттік партиялардың өкілеттігіне қатысты түрлі бастамаларды қамтиды.
Жұмыс тобы сараптамалық материал дайындап, барлық ұсынысты талдау және жүйелеу жұмысын жүргізіп жатыр. Топтың екінші отырысы 2 желтоқсанда өтеді. Онда ұсыныстар негізгі бағыттар бойынша жан-жақты қаралады.
Пікір жоқ