Фото авторы: gov.kz
Қырғызстанда бұрынғы үш лауазымды шенеунікке - МҰҚК экс-басшысы Қамшыбек Тәшиевке, бұрынғы депутат Құрманқұл Зулушевке және Жоғарғы кеңестің экс-төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекұлына (Нұрланбек Шәкиевке) ресми түрде айып тағылды, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы адвокат Шердор Абдыкапаров мәлімдеді. Оның айтуынша, үшеуіне де бұған дейін істің басқа фигуранттарына қолданылған айып тағылып отыр.
Сөз жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға және тергеу мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті ретінде қарастырып отырған іс-әрекеттерге байланысты болып отыр.
Күш құрылымдарындағы дереккөз мәліметінше, фигуранттардан ІІМ Бас тергеу басқармасында жауап алынған. Жауап алу бірнеше сағатқа созылып, содан кейін олар ведомство ғимаратынан шығып кеткен. Ресми түрде тағылған айыптың егжей-тегжейі мен тергеу барысы жарияланбаған.
Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланды. Қамшыбек Тәшиев Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне 2020 жылғы 16 қазанда тағайындалған еді.
Пікір жоқ