Спорт

«Қайрат» футбол клубының ширек финалда қай командамен кездесетіні белгілі болды

Echo

Фото авторы: «Қайрат» футзал клубы




Алматының «Қайрат» клубы футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында қай командамен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі Sports.kz сілтеме жасап.

1/4 финалда «Қайрат» Испанияның «Картахена» клубымен ойнайды. Испаниялық команда екі кездесудің қорытындысы бойынша Мальтаның «Сент-Эндрюс» клубын 14:2 есебімен ойсырата жеңді.

Алғашқы матчта «Картахена» сырт алаңда 9:1 есебімен басым түсті, ал қарымта кездесуде өз алаңында тағы да 5:1 нәтижесімен айқын жеңіске жетті.

«Қайрат» 1/8 финалда Бельгияның «Спортинг-Андерлехт» клубын жарыс жолынан шығарды.

Брюссельде өткен алғашқы ойында алматылықтар 7:3 есебімен жеңіске жетсе, Алматыдағы жауапты матчта тағы да 5:3 есебімен басым түсті.

Алдағы ширек финалдық кездесу команданың биылғы маусымдағы ең маңызды матчтарының бірі болмақ.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру