Спорт

"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке білім беру гранты берілді

Echo

Фото авторы: әлеуметтік желі




"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке білім беру гранты берілді, - деп хабарлайды Newmedia.kz.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

"Біз Темірлан Анарбековті 2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының студенті болуға шақырдық. Сондай-ақ, Дастан Сәтпаев та біздің жоғары оқу орындарының біріне түсетініне үміттіміз. Оның жасы бар болғаны 17-де", - деп жазды министр.

Еске салайық, бұған дейін "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға ректордың білім беру гранты табысталды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру