Спорт

«Қайрат» футбол клубының бұрынғы бапкері 46 жасында көз жұмды

Echo

Фото авторы: Қайрат футбол клубы




«Қайраттың» бұрынғы бапкері, Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы әрі «Қайрат» ФК академиясының жетекшісі Кирилл Кекер қайтыс болды.

46 жастағы бапкердің көз жұмғаны туралы қаралы хабарды Қазақстан футбол федерациясының өкілдері мәлімдеді. 

«Кирилл Сергеевич саналы ғұмырын отандық футболды дамытуға және жас ойыншыларды тәрбиелеуге арнаған тәжірибелі де жоғарғы білікті маман болды. Ол ойынның қыр-сырын терең меңгерген, жасөспірімдермен жұмыс істей білетін, талапшыл әрі іскер бапкер ретінде талай футболшының мінезі мен кәсіби өсуіне ықпал етті», - деп хабарлады федерация өкілдері.

Кирилл Кекер футболшы ретінде «Қызылжар», «Оқжетпес», «Сұңқар» және «Шығыс» командаларында қорғаушы болған.

Сондай-ақ, ол ұзақ жыл «Қайрат» футбол клубында еңбек етіп, академияда жас футболшыларды дайындаумен айналысқан. 2022-2024 жылдар аралығында алматылық клубтың негізгі командасын басқарды. Сонымен қатар, 2024 жылы «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері болды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру