Қоғам

Прокурор Легкодимованың өліміне кінәлілерді өмір бойына соттауды сұрады

Echo

Фото авторы: әлеуметтік желіден




 Прокуратураның дерегінше, бұл қылмыс бойынша екі адамға қатысты сот процесі жүріп жатыр. Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталушылар қызды өлтіргеннен кейін оның мәйіті мен телефонын өзенге тастаған. Марқұмның денесін табу үшін құқық қорғау органдарына шамамен сегіз ай уақыт қажет болған.

Алдын ала жоспарланған бұл қылмыс зорлық-зомбылық қолдану арқылы іздерді жасырумен, ерекше қоғамдық қауіптілікпен және сотталушылардың адам өлтіргеннен кейінгі суыққанды, адамгершілікке жат мінез-құлық әрекеттерімен сипатталады, – деп мәлімдеді прокуратура.

Мемлекеттік айыптаушы соттан күдіктілерге ең ауыр жаза — өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру