Саясат

Президент Жасанды интеллект туралы заңға қол қойды

Echo

Фото авторы: Ақорда




Енді жасанды интеллект адамның белгілі бір тапсырмаларын орындауға арналған құрал ретінде қарастырылады.  

Осы жағдайды ескеріп, заңға жауапкершілік пен бақылау принциптері енгізілді. Бұл талаптарға сәйкес, меншік иелері мен қолданушылар жасанды интеллект жүйелерін пайдаланған кезде өздерінің міндеттері мен жауапкершілігін атқарады.

Меншік иелері мен пайдаланушыларға ЖИ жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша тәуекелдерді басқару, қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз ету, қолдау көрсету міндеттері жүктелген.

Сонымен қатар, заңдылық, әділдік, теңдік, ашықтық пен айқындық, адам игілігіне басымдық беру, оның шешім қабылдаудағы еркіндігі, мәліметтерді қорғау және құпиялылық, қауіпсіздік пен қорғаныс қағидалары нақтыланды.

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Қазақстан аумағында бірқатар шектеулер қойылып, белгілі мүмкіндіктерге ие ЖИ жүйелерін құруға және қолдануға тыйым салынды (түпнұсқалықты бұзу, манипуляция жасау немесе жеке деректер туралы заңдарды бұзу арқылы жеке мәліметтерді жинау және өңдеу тәсілдерін пайдалану; басқа да әрекеттер).

Жасанды интеллектіні пайдалану нәтижесінде жасалған өнімдер туралы хабардар болу мақсатында осындай тауарлар, қызметтер мен жұмыстарға таңба қою талап етілді.

ЖИ жүйелерін әзірлеу және қарқынды дамытуды қамтамасыз ететін платформалар құрудағы халықаралық тәжірибені ескере отырып, ұлттық жасанды интеллект платформасының қызметіне қатысты заңнамалық негіздер жасалды. Бұл платформа шектеулі мерзім ішінде бағдарламалық өнімдерді, жасанды интеллект модельдерін дамытуға, оқытуға және тестілеуге арналған.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру