Фото авторы: Ақорда
Құжатта көрсетілгендей, кеңес отырыстары қажеттілікке қарай өткізіледі, дегенмен жылына кем дегенде бір рет өтуі міндетті. Жиын мерзімін Кеңес төрағасы белгілейді.
«Кеңес мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін шешімнің жобасы бойынша материалдар таратылған күннен бастап бір жұмыс күнінен аспауға тиіс. Сырттай дауыс беруге жіберілген шешімнің жобасы бойынша ескертулер болған жағдайда, Кеңес мүшелері сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Кеңестің жұмыс органына жазбаша түрде хабар береді», — делінген құжатта.
Белгіленген уақытта жауап берілмесе, Кеңес мүшесі шешім жобасын «үнсіз келісім» тәртібімен қолдаған деп есептеледі. Кеңестің отырысы оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда ғана заңды деп танылады.
Бұған қоса, Кеңес мүшелеріне өз өкілеттіктерін басқа лауазымды тұлғаларға тапсыруға тыйым салынады.
«Кеңестің шешімдері ашық немесе сырттай дауыс беру арқылы отырысқа қатысып отырған немесе сырттай дауыс беруге қатысқан Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған кезде, төрағалық етушінің дауысы шешуші болады. Кеңестің мүшелері өздерінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы, ол хаттамаға қоса беріледі», — деп аталып өткен Жарлықта.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Пікір жоқ