Саясат

Президент әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасалатынын жариялады

Echo

Фото авторы: Ақорданың баспасөз қызметі




Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының пікірінше, халық Конституциясы – стратегиялық сенім мандаты және ұзақ мерзімді мақсаттар мен өрлеу жолына бастайтын жаңа қоғамдық келісім.

"Сондықтан еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты деп сеніммен айтуға болады. Соған сәйкес мемлекет пен азаматтардың ықпалдастығы қайта жаңғыруы қажет. Өздеріңізге мәлім, былтыр қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалды. Енді азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жариялауға болады. Елімізде әкімшілік істер бойынша рақымшылық алғаш рет жасалатынын атап өткім келеді. Парламент қазіргі сессияның соңына дейін тиісті заң қабылдауы керек. Бұл – негізгі заңдағы адамгершілік идеалдары мен прогрессивті құндылықтарды қоғамда орнықтыратын маңызды қадам", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Жаңа Конституция – халқымыздың ынтымақ-бірлігінің жарқын символы.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру