Спорт

«Олимпиакос» командасының ойыншылары Астанаға келді

Echo

Фото авторы: Olympiacos FC




Грекиялық «Олимпиакос» командасының футболшылары UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алтыншы турында алматылық «Кайратпен» Астана қаласында кездеседі. 

«Астана-Арена» стадионында өтетін матч 9 желтоқсанда сағат 20:20-да басталады. Ойынды «Qazaqstan» ұлттық арнасынан тікелей эфир арқылы көре аласыздар.

«Кайратпен» өтетін ойын алдында «Олимпиакос» төмендегі құрамын жария етті:

Қақпашылар: Николаос Ботис, Георгиос Кураклис, Константинос Дзолакис

Қорғаушылар: Франсиско Ортега, Жюльян Бьянкон, Лоренцо Пирола, Алексиос Калогеропулос, Коштинья, Родиней, Бруно Оньемаечи

Жартылай қорғаушылар: Диогу Насименту, Желсон Мартинш, Дани Гарсия, Лоренцо Шипиони, Чикиньо, Габриэль Стрефецца, Сантьяго Эссе, Даниэл Поденсе, Ставрос Пневмонидис, Христос Музакитис

Шабуылшылар: Аюб Эль-Кааби, Роман Яремчук, Мехди Тареми

Матчтың бас қазысы болып испаниялық Хуан Мартинес тағайындалды, оған көмекшілер ретінде Рауль Кабаньеро мен Иньиго Прието қызмет етеді. Төртінші төреші — сол елден Хавьер Альберола.

«Олимпиакос» клубы 1925 жылы құрылған. Грекия біріншілігінде 48 мәрте чемпион атанып, ел ішіндегі рекордты көрсеткішке ие.

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының турнир кестесінде 1 ұпаймен 35-орында тұр. Команда аталмыш турнирде португалиялық «Спортингтен» 1:4, испаниялық «Реал Мадридтен» 0:5, италиялық «Интерден» 1:2, даниялық «Копенгагеннен» 2:3 есебімен ұтылса, кипрлік «Пафоспен» 0:0 болып тең түсті.

Ал «Олимпиакос» турнирде 2 ұпай жинап, 33-орынға орналасқан. Бұған дейін кипрлік «Пафоспен» 0:0, нидерландтық ПСВ-мен 1:1 нәтижесіне қол жеткізіп, англиялық «Арсеналға» 0:2, испаниялық «Барселонаға» 1:6, «Реал Мадридке» 3:4 есебімен жол берген.

Айта кету керек, грекиялық клуб қазақстандық «Астана» командасымен 2016 жылғы Еуропа лигасының топтық кезеңінде екі рет кездескен (1:1, 4:1).

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру