Саясат

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Echo

Фото авторы: gov.kz




Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

2025 жылғы қазанда Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің инвестициялар және сауда бөліміне меңгеруші болып тағайындалды.

2024 жылғы ақпаннан бастап премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі қызметін атқарды, бұл қызметтен сол жылдың желтоқсанында кетті.

Оның міндеттеріне макроэкономикалық, бюджет, салық және кеден саясаты мәселелерін, мемлекеттік жоспарлау жүйесін, қаржы секторын, тариф саясатsy үйлестіру; шағын және орта кәсіпкерлікті, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (концессияларды қоса алғанда) дамыту кірді.

Бұл қызметте Байбазаров инвестициялық саясат, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, статистика, жобалық басқаруды дамыту, халықаралық қаржы институттарын үйлестіру және Ұлттық банкпен өзара іс-қимыл мәселелеріне жауап берді.

Сонымен қатар, Нұрлан Байбазаров "Amanat" партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру, бизнес мәселелерін қарау және шешу (оның ішінде әкімшілік кедергілерді азайту, экономиканы демонополизациялау), орта мерзімді экономикалық саясат және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін реформалау мәселелерін қадағалады.

Сондай-ақ, Байбазаров заңсыз шетелге шығарылған қаржы қаражаттары мен сатып алынған активтерді қайтару және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының қызметіне жетекшілік етті.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру