Фото авторы: Әлеуметтік желі
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жаңа Құрылыс кодексінің
жобасын таныстырды, деп хабарлайды Newmedia.kz.
Министрдің айтуынша, құрылыс саласы
– еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін экономиканың негізгі салаларының
бірі. Бұл сектор Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 6 пайызын құрайды және
өндірістік әрі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда шешуші рөл атқарады.
Соңғы 15 жылда құрылыс саласы орта есеппен жылына 7 пайыздық өсімді көрсетіп келеді. Бұл тұрақты даму қарқыны жаңа талаптар мен заманауи реттеу тәсілдерін енгізуді қажет етеді. Алайда, ширек ғасыр бойы қолданыста болған құрылысқа қатысты заңнама осы уақыт аралығында 130-дан астам рет өзгертілген. Соның салдарынан құқықтық реттеудің бірізділігі төмендеген, - деді министр Мәжілісте.
Нағаспаев Мемлекет басшысының
тапсырмасына сәйкес жаңа Құрылыс кодексін қабылдау – уақыт талабы екенін айтты.
Жаңа Кодекс жобасы қазіргі заман талаптарына сай әзірленіп, саланың тұрақты әрі сапалы дамуына құқықтық негіз болмақ.
Пікір жоқ