Саясат

Мәжіліс ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды қабылдады

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мен құқыққа қарсы контенттің таралуын шектеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жобасы аясында заңға түзетулер ұсынылды.

Заң жобасы бойынша баяндамашы болып сөз сөйлеген депутат Елнұр Бейсенбаев балалар мен жасөспірімдердің күнделікті интернеттегі ақпаратқа тап болатынын, оның ішінде отбасы, адамгершілік және болашаққа қатысты түсініктеріне кері әсер етуі мүмкін мазмұн бар екенін атап өтті.

«Қоғамда балалар мен жасөспірімдерді цифрлық кеңістіктегі теріс контенттен қорғау мәселелеріне байланысты алаңдаушылық туып отырғандықтан, заң жобасына қоғамдық орында педофилия мен дәстүрлі емес сексуалдық бағытты насихаттауға тыйым салатын түзетулер енгізілді», – деді Бейсенбаев. 

Депутат бұл тақырыпты бұған дейін Мәжіліс депутаттары Еділ Жаңбыршин, Ринат Зайыт, Самат Мұсабаев және Ардақ Назаров сынды депутаттар бірнеше рет көтергенін мәлімдеді. 

«Біз ҚР-дағы ашық және жасырын ЛГБТ насихатына қарсымыз!» атты петиция ресми қарауға қажетті 50 мың қол жинаған болатын. Нәтижесінде 18 депутаттан құралған бастамашыл топ педофилия мен дәстүрге жат бағытты насихаттайтын ақпараттың таралуын шектейтін түзетулер ұсынды», – деді ол.



Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру