Фото авторы: Әлеуметтік желі
LRT-ның келесі желісі Қосшы
бағытымен өтеді. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп
хабарлайды Newmedia.kz.
Қала басшысының айтуынша, күн сайын
Қосшыдан елордаға 15-20 мыңға дейін көлік келеді, бұл қала жолдарына
айтарлықтай ауыртпалық түсіреді.
«Қосшы қарқынды дамып келеді, ол — Астанаға көмектесіп отырған ірі серіктес қала. Сондықтан Қосшы мен Астана арасында белсенді қатынас бар, келесі кезеңді осы бағытта салуды жоспарлап отырмыз», — деді әкім.
Жеңіс Қасымбектің сөзінше, бұл —
жобаның екінші кезеңінің бір ғана тармағы. Қосшыға апаратын бағытты бір жарым
жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.
Пікір жоқ