Қоғам

Көрнекті мәдениет қайраткері,режиссер Ғалым Доскен қайтыс болды

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді. 
Белгілі филолог, әдебиет сыншысы әрі режиссер Ғалым Доскен 1960 жылдың 19 шілдесінде дүниеге келген. Ол Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолында түрлі маңызды қызметтер атқарған. 2001–2002 жылдары ол «Қазақстанның республикалық теледидар және радио корпорациясы» жабық акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. Ал 2002–2006 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарған. Кейін, 2007 жылдан бастап «Ел» продюсерлік орталығының көркемдік жетекшісі болып еңбек етті.

Ғалым Доскен отандық деректі кино саласына да зор үлес қосты. Ол «Сәулені күту», «Ұлы дала астаналары», «Маңғыстау қабірлерінің түсі» және «Жоғалған жарық хроникасы» атты деректі туындылардың авторы.

Сонымен қатар, ол әдебиетке де қалам тербеген. «Тоғыз құйрықты ақ түлкі», «Сиқырлы флейта» және «Билейтін құс» атты кітаптардың авторы ретінде оқырманға жақсы таныс. Бұған қоса, «Жезтырнақ» балетінің либреттосын жазған.



Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру