Фото авторы: Kaspi.kz
Kaspi.kz компаниясының басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе бұл бастама жөнінде былай деді:
«Биыл біз Ұлттық банкпен бірлесе отырып, әсіресе төлем операцияларының қауіпсіздігін арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқардық. Бірыңғай QR жүйесіне қосылу - елімізде заманауи, ыңғайлы және сенімді төлем инфрақұрылымын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Енді біздің клиенттер жақын уақытта кез келген банктің QR-коды арқылы төлем жасай алатын болады», - деді ол.
Бірыңғай QR арқылы жүргізілетін төлемдер Ұлттық Банктің орталық инфрақұрылымы арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйеге барлық банктер бірдей шарттармен қосылады. Мақсатты модель клиенттер мен бизнес субъектілерін алаяқтықтан барынша қорғауға бағытталған.
Пікір жоқ