Фото авторы: Gov.kz
Бұл жаңалықты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жариялап, атап өткеніндей, Қазақстан қабылданған қарардың тең авторы болып табылады.
«Халықаралық Көшпенділер мұрасы күні бекітілді. Мұндай шешім ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-ші сессиясында қабылданды. Қазақстан ЮНЕСКО қабылдаған қарардың тең авторы. Бұл — көшпенді халықтардың әлемдік мәдени мұраға қосқан елеулі үлесінің дәлелі», - деп жазды Мемлекеттік кеңесші.
Жаңадан белгіленген мереке жыл сайын 22 қыркүйекте, күзгі күн мен түннің теңелу сәтінде аталып өтеді. Бұл туралы депутат Бибігүл Жексенбай да өз парақшасында бөлісті.
«Көшпенділер мұрасына арналған халықаралық күннің бекітілуі – жай ғана дата емес, адамзаттың ұмыт бола бастаған рухани тамырына қайта үңілуі.
ЮНЕСКО-ның мұндай шешімге келуі – ғасырлар бойы ұлы даланы мекендеген елдердің мәдениет пен өркениетке қосқан үнін мойындау. Бұл үн жаңа заманның да тұғырына айналып отыр.
Пікір жоқ