Фото авторы: ҰОК
Боксшы Геннадий Головкин әлемдік бокс Даңқ залына енген Қазақстанның алғашқы спортшысы атанды,-деп хабарлайды Newmedia.kz.
Бұл туралы ақпарат Халықаралық бокс Даңқ залының (IBHOF) ресми мәлімдемесінде жарияланды.
Салтанатты шара 2026 жылдың 11–14 маусымы аралығында АҚШ-тың Нью-Йорк штатына қарасты Канастота қаласында өтеді.
2025 жылғы дауыс беру қорытындысы бойынша Головкинмен бірге Вернон Форрест пен Стив Коллинс те үздік кандидаттар қатарына енді. Бұған қоса, бұған дейін алғашқы іріктеу кезеңінен өте алмаған боксшылар да қайта қаралды. Дауыс беруге АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Канада, Аргентина, Австралия, Нидерланд, Германия және Мексикадан спорт журналистері мен бокс тарихшылары қатысты. Головкин Даңқ залына алғашқы іріктеу кезеңінде-ақ қабылданды. Сондай-ақ биылғы тізімге бұрынғы әлем чемпиондары Антонио Тарвер (2024 жылдан бері кандидат) және Найджел Бенн (2017 жылдан бері кандидат) енгізілмек.
Айта кетсек, түрлі жылдары бұл Даңқ залына Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо секілді аңыздар, сондай-ақ Костя Цзю (2011), Виталий Кличко (2018) және Владимир Кличко (2021) кірген.
Пікір жоқ