Спорт

Геннадий Головкин әлемдік бокстың басты мекемесін басқармақ

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Құзырлы орган 2025 жылдың қазан айында түскен барлық өтінішті қарап, комиссия оң қорытынды берген үміткерлерді сайлауға қатысуға рұқсат етті.

Президент лауазымына жалғыз үміткер - Геннадий Головкин. World Boxing Жарғысына сәйкес, егер басшылық қызметке бір ғана үміткер ұсынылса, Конгресс оны баламасыз негізде, яғни бірауыздан мақұлдайды.

Президент сайлауынан бөлек, күн тәртібіне вице-президент пен Атқарушы комитеттің екі мүшесін сайлау енгізілген. Төменде бекітілген үміткерлердің тізімі берілген.

Вице-президент лауазымына үміткерлер:

  • Чайват Чотима (Таиланд)
  • Иштван Ковач (Венгрия)
  • Райан О’Ши (Канада)


Атқарушы комитетке үміткерлер:

  • Мулуд Бузьян (Франция)
  • Норберт Келлер (Бельгия)
  • Иштван Ковач (Венгрия)
  • Донатас Мачянскас (Литва)
  • Михаэль Мюллер (Германия)
  • Тацуя Накама (Жапония)
  • Райан О’Ши (Канада)

Конгресс - World Boxing ұйымының жоғары басқару органы. Римдегі отырысқа вице-президент Дина Гликидис төрағалық етеді. Сайлау процесін тәуелсіз құрылым қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бақылаушылар қатысып, барлық рәсімнің ашықтығы мен регламенттің сақталуын қадағалайды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру