Спорт

Елена Рыбакина әлемдік рейтингтің үздік бестігіне енді

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Спортшы Эр-Риядта өткен осы жылдың қорытынды жарысы - WTA Finals 2025 турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы Арина Сабаленканы сенімді түрде жеңіп, жарыс чемпионы атанды. Бұл жетістік арқылы Рыбакина WTA рейтингінде үздік бестікке енді.

Жаңа рейтинг көрсеткішіне сәйкес, қазақстандық теннисші америкалық Джессика Пегуланы ығыстырып, әлемнің бесінші сатысына көтерілді. Бұл Рыбакинаның мансабындағы ең жоғары көрсеткіштерінің бірі. Бұл жеңісі арқылы Елена Рыбакина тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Азияның да ең табысты теннисшілерінің қатарына қосылды. 

Жеңістен кейін Рыбакина 2026 жылғы жаңа маусымда осы қарқынын сақтап, одан да жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны жеңісімен құттықтады. 

«Сіз теннистен жыл қорытындысы саналатын беделді жарыста шеберліктің озық үлгісін көрсетіп, асқан ерік-жігердің арқасында жеңіске жеттіңіз. Қазақстандық және әлемдік теннис спортының тарихындағы осынау айтулы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймын және ризашылығымды білдіремін», - делінген құттықтауда. 

Президент спортшыны "Барыс" орденімен марапатталаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру