Фото авторы:
Хорватияның Дубровник қаласында дзюдодан ересектер арасында өтіп жатқан Еуропа кубогында ел қоржынына алғашқы алтынды Данияр Шамшаев салды, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Айта кетейік, Данияр Шамшаев ұзақ уақытқы үзілістен кейін татамиге оралып отыр. Ол 2024 жылы Париж Олимпиадасында белдесіп, жүлдеге іліне алмаған.
73 келіде сынға түскен отандасымыз іріктеу кезеңінде Хорватия, Аустрия және Венгрия балуандарынан айласын асырды. Ал жартылай финалда жергілікті дзюдошы Адам Калацты тізе бүктірді. Ақтық сында франциядық Максим Гобертті шаң қаптырды.
Бұдан өзге 60 келіде Дамир Болатбеков финалға жолдама алған еді. Алайда ол шешуші сында сүрініп күміс медаль еншіледі.
Пікір жоқ