Фото авторы: ҚР Парламент Мәжілісі
Оның айтуынша, Алматының Бостандық ауданындағы «Швейцария» тұрғын үй кешенін сатып алған 150 үлескер зардап шекті. Ресми мәлімет бойынша, бес қабатты тұрғын үй «бау-бақша шаруашылығын жүргізуге арналған» жер учаскесінде салынған, сондай-ақ үйлер бастапқы және құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылған.
-Қамауға тек құрылысшы алынды, сол ғана! Бірақ неге тек құрылысшы тергеліп жатыр? Неге күдіктілер қатарында «Отбасы банк» қызметкерлері жоқ? – деп сұрады мәжілісмен.
Құрылысшыға қарсы қылмыстық іс 2022 жылы ашылған, ал 2023 жылы «Швейцария» тұрғын үй кешенін бұзу туралы соттың шешімі қабылданған. Соған қарамастан, «Отбасы банк» сот қаулысын елемей, осы кешеннен пәтер алғысы келген азаматтармен келісімшарт жасап, оларға несие беруді жалғастыра берген.
«Отбасы банк» қызметкерлерінің әрекеттерінен 50-ден астам азамат зардап шекті, олар келісімшарт жасады, өздерінің жинаған ақшаларын тұрғын үйлерге салды, ал, ол үйлер сот шешімі бойынша бұзылуға тиіс еді. Қазір тергеуде болуы керек «Отбасы банк» қызметкерлерін кім қорғап отыр? –деді Базарбек.
Пікір жоқ