Фото авторы: Алихан Сариев
Мәжіліс депутаты Тілектес Адамбеков еліміздегі ең төмен жалақы ауыл шаруашылығы саласында екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Newmedia.kz
"2023 жылғы жағдай бойынша (2023 жылғы бағамен) ең төмен жалақы төленетін жұмыс орындары ауыл шаруашылығы саласында. 2010 жылдан 2023 жылға дейін ауыл шаруашылығындағы нақты табыс өскеніне (382%) қарамастан, орташа жалақы әлі де республикалық орташа көрсеткіштен 4,4 есе төмен", - деді ол.
Депутаттың сөзінше, бүгінде ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігін арттырумен қатар, азаматтардың жалақысын арттыру мәселесі де өте өзекті.
Пікір жоқ