Спорт

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» елордада «Олимпиакосқа» есе жіберді

Echo

Фото авторы: instagram.com/f.c.kairat




Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алтыншы турында алматылық «Қайрат» елордада Грекияның «Олимпиакос» (Пирей) командасымен кездесуінде 0:1 есебімен жеңілді, - деп хабарлайды Newmedia.kz.

Жалғыз гол 73-минутта соғылды — жылдам шабуылдың қорытындысында Желсон Мартинш көзге түсті.

Грек клубы матч бойы ойын тізгінін өз қолында ұстап, қауіпті сәттерді көбірек жасады. Ал «Қайрат» тек кейбір эпизодтарда ғана қарсы шабуылдар ұйымдастырып, шабуылда дәлдік таныта алмады. Екінші таймда алаң иелері ойынды теңестіруге тырысқанымен, нақты гол соғатын мүмкіндік таба алмады.

Матчтың үздік ойыншысы болып «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков атанды.



Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру