Фото авторы: Үкіметтің баспасөз қызметі
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастамалар бұрын жарияланған ауқымды саяси реформалардың логикалық жалғасы екенін атап өтті, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Премьер-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы жауапты лауазымды тұлғаларға нақты талап қойып отыр.
«Президент әрбір жауапты басшыдан батыл әрі жаңашыл шешімдер қабылдауды талап етеді. Бұл барлық салаға қатысты. Әрбір министр мен әкімнен, әрбір өңір мен бағыт бойынша көзге көрінетін, нақты нәтиже қажет», – деді Олжас Бектенов.
Ол бұл талаптар тек қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты іс жүзінде орындалуы тиіс екенін ескертті.
Айта кетейік, 20 қаңтар күні Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өткен болатын. Жиында елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды бастамалар көтерілді.
Пікір жоқ