Қоғам

Бас прокуратура әскерде қаза тапқан және жарақат алған сарбаздардың аналарын қабылдайды

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Берік Асыловтың айтуынша, мұндай қабылдаулар кезінде айтылатын әрбір мәселе мұқият қаралады және назардан тыс қалмайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайды. Олардың әрбір уәжі назардан тыс қалмайды. Сондай-ақ әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алуын болдырмау жөніндегі жұмыстарға, әскери қызметке шақырудың заңдылығына және медициналық қызметтің қорытындыларының негізділігіне баға беріледі. Осы жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері тартылды», — деп жазды Бас прокурор.

Бас прокурордың айтуынша, әскердегі қаза мен жарақат алу жағдайларының алдын алу бағытындағы шаралар, әскери қызметке шақырудың заңдылығы және медициналық тексеру нәтижелерінің негізділігі жан-жақты қарастырылатын болады. Бұл жұмыстарға Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарынан мамандар да қатысады.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру