Фото авторы: желі
«Барселона» футболшылары Испания Суперкубогының финалында «Реал Мадридті» 3:2 есебімен жеңіп, турнир кубогын қатарынан екінші рет иеленді. Бұл туралы Newmedia.kz хабарлайды.
Төрт команда қатысқан турнир Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтті. Жартылай финалдық кездесулерде «Барселона» «Атлетик Бильбаоны» 5:0 есебімен ойсырата жеңсе, «Реал Мадрид» «Атлетико Мадридтен» 2:1 есебімен басым түсті.
Финалдық матч тартысты өтті. Каталониялық клубтың сапынан Рафинья 36 және 73-минуттарда дубль жасап, Роберт Левандовски 45+4 минутта бір гол соқты. Ал мадридтік команданың голдарын Винисиус Жуниор (45+2) мен Гонсало Гарсия (45+6) өз еншісіне жазды.
Ойын соңында «Барселона» алаңда он ойыншымен қалды. 90+1 минутта Френки де Йонг қызыл қағаз алып, матчтан қуылды.
Осы жеңістің арқасында «Барселона» Испания Суперкубогын 16-рет жеңіп, турнир тарихындағы рекордты жаңартты. Ал «Реал Мадрид» 13 титулмен екінші орында тұр.
Пікір жоқ