Саясат

Атырау полициясына жаңа басшы келді

Echo

Фото авторы: gov.kz




Атырауда полиция басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. Бұл лауазымға бұған дейін Жаңаөзен полициясын басқарған полковник Айдар Қасанов келді, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Кадрлық ауыс-түйіс туралы ақпаратты Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Ішкі істер министрінің бұйрығымен Айдар Қасанов Атырау полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды. Ол 20 сәуірден бастап өз міндетіне кірісті", - деді ПД өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Атырау полиция басқармасының бұрынғы бастығы Бақытбек Исаев ішкі істер органдарынан теріс себептермен шығарылып, тергеу изоляторына қамалды. 

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру