Фото авторы: cristiano
Даңқты футболшы Криштиану Роналдудың сүйіктісі Джорджина Родригес әлемдегі ең танымал модельдердің бірі атанды, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Бизнес пен шоу-бизнес саласына арналған беделді портал әлеуметтік желілердегі жазылушылар санына сүйене отырып, әлемдік жұлдыздардың тұрақты рейтингін жариялаған.
Жарияланған тізімге сәйкес, Джорджина Родригес екінші орынға жайғасқан. Оның Instagram және TikTok әлеуметтік желілеріндегі жазылушыларының жалпы саны 92,4 миллион адамды құрайды.
Рейтинг көшін 30 жастағы америкалық супермодель Кендалл Дженнер бастап тұр. Оны әлеуметтік желілерде 291,7 миллионнан астам адам оқиды.
Үшінші орында тағы бір америкалық модель – Джиджи Хадид (77,6 млн жазылушы).
Рейтинг Instagram мен TikTok платформаларындағы жазылушылардың жиынтық саны негізінде жасалған.
Кендалл Дженнер (АҚШ) – 291,7 млн
Джорджина Родригес (Испания/Аргентина) – 92,4 млн
Джиджи Хадид (АҚШ) – 77,6 млн
Хейли Бибер (АҚШ) – 72,5 млн
Белла Хадид (АҚШ) – 71,3 млн
Кара Делевинь (Ұлыбритания) – 43,5 млн
Крисси Тайген (АҚШ) – 41,1 млн
Лена Мантлер (Германия) – 33 млн
Эмили Ратаковски (Ұлыбритания) – 31,6 млн
Хейли Калил (АҚШ) – 25,5 млн
Пікір жоқ