Фото авторы: ОКҚ
«Жекешелендіру мәселесі тікелей президенттің тапсырмасы екенін баршамыз білеміз. Алдағы уақытта еліміздің қалталы азаматтары футболды қолға алып, ары қарай клубты жетілдіру мәселесін шешеді. Әрине, ол қомақты қаражатты талап етеді. Қазір біздің футбол клубқа үлесін қосамын деген кәсіпкер анықталды. Заң аясында футбол клубын жекешелендіру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Оны 1-2 айдың төңірегінде аяқтау жоспарымызда бар. Ары қарай қосымша қанша қаражат бөлінетініне және клубтың дамуы қалай жүзеге асырылатынына осы кәсіпкердің командасы жауап береді. Әрине, біз де тыс қалмаймыз», – деді Ақтөбе облысының әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, Qazaq Stroy компаниясының иесі Нұрлан Артықбаев «Ақтөбе» футбол клубының инвесторы болғаны туралы бұған дейін хабарлаған еді.
«Нұрлан Артықбаев – ақтөбелік азамат. Оның футбол клубына қызығушылығы өте жоғары. Кішкентайынан «Ақтөбе» футбол клубына жанкүйер болған. Президент тапсырмасынан кейін өзі бізге шығып, осы бастаманы жүзеге асырсам деп ниет білдірді. Қалған мәселені өзара байланыс орнатқаннан кейін жүзеге асырамыз. Жекешелендіру толық аяқталғанда, басқа сұрақтарға қатысты өзі мәлімдеме жасайды», – деді Асхат Шахаров.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының әкімі УЕФА-ның төртінші деңгейлі талаптарына сай 35 мың орындық жаңа стадионның құрылысы басталғанын хабарлады.
Пікір жоқ