Саясат

Асхат Аймағамбетов: «Мұғалімдерге Reels түсіру және WhatsApp-та жауап беру міндетті емес»

Echo

Фото авторы: instagram.com/aimagambetov




Елімізде педагогтердің құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа заң жобасы дайындалды. Енді мұғалімдерді әлеуметтік желіге Reels түсіруге мәжбүрлеуге және жұмыс уақытынан тыс кезде WhatsApp арқылы жауап беруге міндеттеуге жол берілмейді, деп хабарлайды Newmedia.kz

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Threads платформасында мәлімдеді. 

"Педагогтерді рилс түсіруге мәжбүрлеуден, түнде және жұмыс уақытынан тыс уақытта WhatsApp-та жауап беруге міндеттеуден, есепті электронды және қағаз жүзінде қайталап тапсырудан қорғау үшін арнайы заң жобасын әзірледік. Енді заң жобасын жұмысқа қабылдаймыз. Келесі аптадан бастап жұмыс тобында талқылауды бастаймыз. Бұл – өте маңызды мәселе. Ұстаздар артық міндетпен емес, сапалы білім мен сананы тәрбиемен айналысуы тиіс", – деді депутат.
Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру