Қоғам

Астанадағы «Арыстан» тұрғын үй кешенінде лифт апаты болып, бір адам қаза тапты

Echo

Фото авторы: pixabay.com




Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, апат лифтке техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде орын алған. Бір қызметкер оқиға орнында қаза тапқан, ал тағы екі адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Бірінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланса, екіншісінің жағдайы ауыр.

Полиция департаменті бұл факті бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу, адам өліміне әкеп соғу бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Тұрғындар әлеуметтік желілерде апат сәтінің видеосын жариялап, лифт қызметін көрсететін компанияның жұмысына наразылық білдіруде. Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру