Қоғам

Астана сотында Перизат Қайраттың ісі қайта қаралып жатыр

Echo

Фото авторы:




Астана қалалық сотында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты үкімге берілген апелляциялық шағым қаралуда, деп хабарлайды Newmedia.kz

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының құрамында судьялар Нұрлан Баяхметов, Жарас Арыстанбеков және Гүлнар Дәулешова бар. Олар істі қайта қарау үстінде.

Перизат Қайрат сот отырысына өзі қатысуға өтініш білдіргенімен, алқа тараптардың уәжін тыңдай келе, оның да, анасы Ғайни Алашбаеваның да апелляциялық сотқа қатысуы міндетті емес деген шешім шығарды.

Ашық өткен сот отырысына тараптардың қорғаушылары онлайн түрде қосылды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру