Фото авторы: ғаламтордан
Ол есін жиып, реанимация бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жасөспірім Белқопа ауылы маңында болған апаттан кейін ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның жарақаттары күрделі болғанымен, қазіргі кезде жағдайының тұрақтанып, оңала бастағанын айтты. Дегенмен, толық қалпына келу үшін ол ұзақ уақыт медициналық ем қабылдайтын болады.
Еске сала кетсек, 23 қазан күні таңертең республикалық маңызы бар «Самара – Шымкент» тас жолының 927-шақырымында, Белқопа ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты болған еді. Оқиға салдарынан 12 адам көз жұмған. Ал 4 қарашада №1 Ақтөбе қалалық ауруханасында жатқан үш науқастың екеуі сауығып, үйлеріне жіберілген болатын.
Пікір жоқ