Фото авторы: ФК Қайрат
9 желтоқсанда елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен матчта алматылық «Қайрат» Грекияның «Олимпиакос» клубына 0:1 есебімен жол берді.
Кездесудегі жалғыз голдың авторы — Желсон Мартинш. Қақпашы Темірлан Анарбеков бірқатар қауіпті соққыларды тойтарғанымен, 73-минутта қарсыластың дәл бағытталған соққысын тоқтата алмады.
Соған қарамастан, Анарбеков ойын барысында жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, матчтың үздік ойыншысы деп танылды.
Айта кетейік, «Қайрат» құрамындағы 17 жастағы Дастан Сәтпаев сары қағаздарының көп жиналуына байланысты бұл ойында алаңға шыққан жоқ.
Алматылық команда алда тағы екі кездесуге дайындалып жатыр: 2026 жылдың 20 қаңтарында Астанада Бельгияның «Брюгге» клубын қабылдайды, ал 28 қаңтарда Лондонда «Арсеналға» қарсы сырт алаңда бақ сынайды.
Пікір жоқ