Фото авторы: әлеуметтік желі
Алматыға трамвайларды қайтару жоспарланып отыр. Бұл туралы «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов мәлімдеді, - деп хабарлайды Newmedia.kz.
Трамвайлар қай бағытта жүретіні де айтылды.
«Трамвай «Барлықтан» бастап Төле би көшесі бойымен жүреді. Бұрынғы жолында. Оны әуежайға дейін созамыз, осылайша батыс пен шығысты байланыстырамыз. Біздің мақсатымыз - адамдардың 20 минут ішінде жүріп-тұруына мүмкіндік жасау. Бұл - әлемдік тәжірибе және ақылға қонымды шешім», - деді ол.
Қазір жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.
«EPC+F (жобалау, құрылыс және қаржыландыру) болса, бес жыл ішінде трамвайды іске қоса аламыз. Құрылыс неғұрлым ұзаққа созылса, соғұрлым қымбат болады, сондықтан инвесторларды тарту үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді ол.
Айта кетейік, Алматыда трамвайлар 2015 жылы бірқатар апаттан кейін жүрмей қалды.
Пікір жоқ