Қоғам

Алматыда Республика күніне орай «J-Fest» жастар фестивалі өтті

Echo

Фото авторы: J-Fest ұйымдастырушыларынан




Шара қаланың мерекелік көңіл-күйін арттырып қана қоймай, жастар шығармашылығын кеңінен таныстыруға бағытталды.

Фестиваль аясында түрлі жанрдағы жас өнерпаздар өз өнерлерін қала тұрғындары мен қонақтарына паш етті. Ән, би, домбыра, авторлық шығармалар, креативті перфоманстар мен шағын театрландырылған қойылымдар Көк-Төбені нағыз ашық аспан астындағы сахнаға айналдырды.

J-Fest – жастардың бойындағы шығармашылық қуатты ашуға, сенімін нығайтуға және өнер арқылы біріктіруге арналған алаң.

Аталған шараға қала тұрғындары, жастар ұйымдары, қонақтар және әлеуметтік желі белсенділері қатысып, мерекелік атмосфераға өз үлестерін қосты. Көк-Төбенің биігінен шырқалған әндер мен жастардың көңілді көңіл-күйі Республика күніне арналған мерекелік шараның ажарын аша түсті.

Фестиваль ұйымдастырушыларының айтуынша, J-Fest алдағы уақытта Алматы жастарының дәстүрлі шығармашылық алаңына айналып, жаңа есімдер мен жаңа жобалардың бастамасы болады.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру