Фото авторы: Әлеуметтік желі
Алматыда 8 қазаннан бастап жылыту
маусымы басталады, - деп хабарлайды Newmedia.kz.
"Алматыда ауа температурасы күрт төмендеуіне байланысты қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыту маусымын әдеттегіден ертерек бастау туралы шешім қабылданды. 8 қазаннан бастап Алматыда жылу жүйесіне қосу басталады", - деді Алматы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы өкілі.
Ең алдымен жылу әлеуметтік нысандарға, соның ішінде
балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріледі. Тұрғын
үйлерге 10 қазаннан бастап жылу беру жоспарланған.
Пікір жоқ