Фото авторы: Әлеуметтік желі
Астанада Алматы
қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров қаза тапты. Бұл ақпаратты
елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Newmedia.kz.
«Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс адамдардың арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды», – делінген хабарламада.
Күдікті ұсталған,
қазір уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Пікір жоқ