Қоғам

Алматы әкімдігі өрт болған балалар үйіндегі жағдайды баяндады

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Әкімдік мәліметіне сәйкес, өрт кезінде балалар үйіндегі барлық 35 бала мен қызметкерлер қауіпсіз түрде дер кезінде эвакуацияланған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта балалар қауіпсіз орындарға орналастырылып, оларға қажетті медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

Сонымен қатар, тілсіз жаудың таралу қаупі толық жойылып, өрт ошағы оқшауланған. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері оқиға орнында жұмыс істеуді жалғастыруда.

Оқиға орнында қала әкімі Дархан Сатыбалды мен қалалық құрылымдық бөлімдердің басшылары болып, уақытша орналастыру, тамақтандыру және материалдық қолдау шараларының ұйымдастырылуын өз бақылауына алды.

Балалар үйінің басшысы Әмина қажы құтқарушыларға кәсіби әрі жедел әрекеттері үшін алғысын білдірді.

«Бүгін осындай сынаққа қалдық. Құтқарушылар сағат төрттен бері жұмыс істеп жатыр. Апасының басына күн түсіп еді, барлығы бір үйдің баласындай көмектесіп жүр,»-деді Әмина қажы Әжібаева. 

Алматы әкімдігі өрттің алдын алу және қауіпсіздік шараларын күшейтуге қатысты шараларды атқаруды жалғастыратынын атап өтті.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру